Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Еліміздің барлық өңірінде Әйелдерді қолдау орталықтары құрылады

2022 жылдың 10 наурыз 2022 10:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің барлық өңірінде Әйелдерді қолдау орталықтары құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Халық табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарлама аясында жастарды жұмысқа баулу және ынталандыру үшін заңнамаға «жас жұмысшы» ұғымы енгізіледі. Олар үшін сынақ мерзімі алынып тасталады. Сонымен қатар Басқа өңірден келген жастарға тұрғын үй жалдау үшін көтерме жәрдемақы енгізу бойынша іс-шаралар қолданылады.

«Көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қазіргі кезде қызмет ететін үлгідегі Әйелдерді қолдау орталықтарын барлық өңірлерде құру жоспарлауда. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелдерге кешенді қолдау көрсетіледі», - деді Серік Шәпкенов.


Жоғары қарай