Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 23 шілде 2019 14:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз 24-25 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде 43 градус өте қатты ыстық сақталады.

24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сол күні Өскемен қаласында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында 24 шілде күні найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Таңертең және күндіз 24 шілдеде Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай