Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Еліміздің бірқатар өңірінде инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындар саны артты

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 10:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада реанимациялық төсектердің толуы 50 пайыздан асты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустың күрт өсуі республикадағы инфекциялық ауруханалардың толуына әсер етті. Соңғы айда инфекциялық төсектерді қамту 18 пайыздан 38 пайызға дейін 2,1 есеге ұлғайды», - деді министр.

Оның дерегінше, төсек қорының 50 пайыздан астам аурулармен қамтылуы Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Павлодар облыстарында анықталып отыр.

«50 пайыздан астам реанимациялық төсектердің толуы Нұр-Сұлтан қаласында анықталды», - деді Ажар Ғиният.


Жоғары қарай