Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 19:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 қаңтарда Қостанай облысы мен қаласындабұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Сондай-ақ, ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

16 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысы мен жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.

17 қаңтарда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 17 қаңтар, 18 қаңтарда түнде Павлодар, Қарағанды облыстарында, 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар, Шығыс Қазақстан облысынының кей жерлерінде қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай