Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталығында 30 градус аяз болады

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 15:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 11-13 қаңтардағы ауа райына арналған болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, елімізге келген солтүстік-батыс антициклоны аязды тудырады.

«Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де солтүстік- батыс антициклоны ықпал етуде: кей жерлерде 30, жалпы 20-25 С-қа дейін аяз болады . 12 қаңтарда солтүстік және оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран әкеледі, сондай-ақ ауа температурасы қысқа мерзімді көтеріледі . Алайда 13 қаңтарда суық солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, өзімен бірге еліміздің солтүстік-батысы, солтүстік, шығыс және орталыққа қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі «, делінген хабарламада .

Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, сондай-ақ ауа температурасының 2-10 градусқа біртіндеп көтерілуі мүмкін.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай