Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымды Италияда бастайды

2019 жылдың 20 тамыз 2019 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13-15 қыркүйек аралығында Италияның Бергамо қаласында «челленджер» сериясында өтетін Lombardia Trophy турниріне қатысатын спортшылардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, бұл сынға қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қатысады. Аталған турнир Тұрсынбаеваның биылғы маусымдағы алғашқы жарысы болмақ. Элизабеттің қарсыластары қатарында әлем және Еуропа чемпионы Елизавета Туктамышева, Софья Самодурова, Анна Щербаковалар бар.

Айта кетелік, Элизабет Тұрсынбаева биыл Сайтамада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол төрттік сальховты ресми турнирлерде алғаш рет орындаған спортшы ретінде тарихта қалды.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай