Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда әкімі қалада фитнес орталықтардың неліктен ашылмайтынын түсіндірді

2020 жылдың 26 мамыр 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың фитнес орталықтары әзірше жұмыстарын бастай алмайды. Мұның себебін Хабар-24 телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спорт залдары ашылған. Таза ауада, яғни, көшеде, саябақтар мен гүлзарларда спортпен айналысуға рұқсат берілді. Ал фитнес орталықтарына қатысты әзірше санитарлық дәрігер ашпауды кеңес етіп отыр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты аша алмаймыз», - деп түсіндірді әкім.

Дегенмен, елорда басшысы бұл мәселенің біртіндеп шешілетіндігін жеткізді.

«Оның да уақыты келеді. Барлығы жағдайға байланысты. Ылғалды ортада тәуекел де жоғары», - деді Алтай Көлгінов.


Жоғары қарай