Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда әкімі пайдалануға берілмеген тұрғын үйде тұрып жатқандардың шағымын тыңдады

2019 жылдың 27 шілде 2019 16:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Асан Қайғы-Ғұмар Қараш-Тараз-Ағыбай батыр көшелерінде орналасқан «Территория Комфорта-2» тұрғын үй кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үй кешені екі 24 қабатты мұнарадан тұрады. Үлескерлердің жалпы саны - 437 адам. Бұл үй әлі пайдалануға берілмегеніне қарамастан, үлескерлер 2014 жылы оған қоныстанып алған.




Тұрғын үй кешенінде жобалау-сметалық құжаттама, өрт сөндіру және түтін шығару жүйелері жоқ. Жылу трассасы мен сыртқы су құбыры желілері қаланың балансына берілмеген.

Тұрғындардың айтуынша, электр қуаты, жылу және сумен қамтамасыз ету үйге уақытша қосалқы станса арқылы келеді.




«Бір қосалқы стансаға күніміз қарап отыр. Егер ақау бола қалса, онда үйдегі электр қуаты өшіп қалады. Қатты жел кезінде үйдің плиткалары құлап жатады. Басымызға бірнәрсе түсіп кетпей ме деп әрдайым жоғары қарап алаңдаумен боламыз. Үйдің пандусы шөгіп барады», - деді тұрғындар.




Қала басшысы бірінші кезекте жобалық-сметалық құжаттаманы жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Үйді пайдалануға беру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы жүргізу қажет. Үйге, сыртқы қаңқаға, пандусқа техникалық тексеру жүргізу керек», - деді А. Көлгінов.






Жоғары қарай