Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда әуежайы журналистер арасында байқау жариялады

2021 жылдың 21 мамыр 2021 20:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шығармашылық байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тілшілер арасындағы байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорда әуежайының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

«Биыл біздің әуежай 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Сондай-ақ, айтулы дата тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында үздік материалға байқау жариялаймыз. Бізге қарасты 2 компания аталған бастаманы қолдап отыр. Бас жүлдеге Ыстанбұл (Түркия) мен Ташкент (Өзбекстан) қаласына 2 адамға арналған жолдама беріледі. Байқау нәтижесі мен оның жеңімпаздарын БАҚ өкілдері мерекесі қарсаңында анықтайтын боламыз», - деді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Ануар Шалекенов.

Айта кетсек, бүгін елорда әуежайында жолаушылар үшін жаңа қызмет түрі іске қосылды.



Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, БАҚ,
Жоғары қарай