Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда әуежайында екі күн ішінде «қызыл» статусы бар 8 жолаушы анықталды

2021 жылдың 13 мамыр 2021 13:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері Ashyq жобасын іске қосылған екі күні ішінде «сары» статусы бар 9 жолаушы, «қызыл» статусы бар 8 жолаушыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексеруден өткендердің жалпы саны - 9 943 адам. Алгоритмге сәйкес, «қызыл» статусы бар жолаушылар жедел жәрдем қызметі келіп жеткенше оқшауланып, одан кейін ауруханаға жатқызылды.

12 мамырдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жүйесі толыққанды іске қосылған. Біз ұшып шығатын барлық жолаушыны әуежайға келгенше қосымшаны жүктеп алып, өз статусын тексеру керек екенін ескертеміз. «Сары» және «қызыл» статусы бар жолаушылар терминал ғимаратына жіберілмейді. Рейске жіберілмеген жолаушылар ақшасын қайтаруға қатысты сұрағын әуе компаниясына жолдауы тиіс.

Ashyq қосымшасындағы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ортақ базасымен бірігу арқылы келіп түседі және жолаушының статусын анықтайды. Әуежайда кезекті болдырмау үшін, қосымшаны алдын ала жүктеп, мәртебені тексеріп алған жөн.

Әуежай ғимаратының кіреберісінде тұратын қызметкерлердің планшеті бар. Смартфоны жоқ жолаушылар планшетте ЖСН теру арқылы өз статусын біле алады. Ал ЖСН жоқ шетелдік жолаушылар өз статусын төлқұжат нөмірі арқылы біледі.


Жоғары қарай