Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда базарларында саудагерлерден алым-салық жинағандар анықталды

2020 жылдың 28 қазан 2020 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 9 айда 177 сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Бұл туралы аталған департаменттің басшысы Шыңғыс Қабдула мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 айда департамент тарапынан 177 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Сотқа 35 адамға қатысты 104 іс жолданды», - деді департамент басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері әшкере болды.

«Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауда сәйкестік сертификаты болмаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін елордалық базарлар аумағында жүйелі түрде кәсіпкерлік субъектілерінен алым-салық алған. Қазіргі кезде істі тергеу аяқталып, сотқа жолданды», - деді Шыңғыс Қабдула.


Жоғары қарай