Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Елорда дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады

2020 жылдың 25 наурыз 2020 10:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері мен медбикелері қала тұрғындарынан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Гауһар Бисарина Facebook парақшасына жариялаған видеода елорданың дәрігерлері, мейірбикелер, жедел жәрдем қызметкерлері қала тұрғындарын коронавиирус індетін жеңу үшін үйде отыруға шақырады.

«Менің атым Бақытжан. Біз Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлеріміз. Қазір қиын-қыстау кезеңнен өтіп жатырмыз. Сіздерден көмек сұраймыз. Үйде отырыңыздар», - дейді дәрігерлердің бірі.

Инфекционист-дәрігер Ақбота да қазір маңызды сәт екенін, бұл жаттығу еместігін баса айта келе індеттен қорғанудың жалғыз мүмкіндігі - үйде болу екенін баса айтады.

«Менің балаларым үйде отыр. Сіздің балаларыңыз ше? Үйде қалуыңызды сұраймын», - дейді медицина саласында 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Жұпаргүл есімді мейірбике.



Жоғары қарай