Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Елорда халқы қалалық жобалар үшін онлайн дауыс бере алады

2019 жылдың 11 қазан 2019 17:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары қалалық жобалардың жүзеге асырылуы үшін онлайн дауыс бере алады. Бұл туралы «Астана - адалдық алаңы» орталығының басшысы Мирас Шәкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау саласында барлық процестерді цифрландыру бойынша жұмыс жолға қойылды. Айталық, қазіргі уақытта жұмыс берушілер еңбекке жарамсыздық парағының түпнұсқа екенін Интернет арқылы тексере алады. Осылайша, біз еңбекке жарамсыздық парағын дайындаумен баланысты көлегейлі бизнесті түбегейлі жойдық», - деді ол елорданың ашық бюджетінің интерактивті картасын енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, бүгінде елорданың барлық емханасы мен ауруханасында цифрлық кодтар орнатылған. Соның көмегімен келуішілер барлық қажетті ақпаратты алып, пікір қалдыра алады.

«Сарыарқа ауданы тұрғындарын қамтамасыз ету үшін бюджет бөлігінде электронды жоба іске қосылған. Ендігі уақытта аудан тұрғындары жалпы дауыс беру арқылы қажетті жобаны анықтай алады. Бұл ілкі жоба болатын. Келесі жылы қала әкімдігімен бірлесіп, жобаны кеңейту арқылы қаланың барлық аудандарында енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді Мирас Шәкенов.

Жоғары қарай