Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда халқына жылына 60 мың адам қосылады - Бас жоспарға түзетулер енгізіледі

2021 жылдың 15 қазан 2021 14:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданы дамытудың Бас жоспарына түзетулер пысықталып жатыр. Бұл туралы елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала тұрғындарының саны жыл сайын артып келеді, яғни жылда 55-60 мың қосылады. Егер 2010 жылы 650 мыңға жуық тұрғын болса, былтырғы және биылғы көрсеткіштер бойынша 1 млн 200 мың адам. 2010 жылы Бас жоспарды қабылдаған кезде 2030 жылы жетеміз деген жоспар болған. Ал оны біз 10 жыл бұрын жетіп қойдық», - деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта тұрғындар санының 2 млн-ға жетуі мүмкін екенін ескере отырып, салынатын тұрғын үйлер, инженерлік желілер, мектептер және басқа да мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдау керек.

«Біз қазір Бас жоспарға түзетулерді ескеріп отырмыз. 2030 жылы тұрғындар саны 2 млн-ға жетіп қалады деген есептеулер бар», - деді қала әкімі.


Жоғары қарай