Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елорда кәсіпорындарына карантин мен төтенше жағдай талаптары түсіндірілуде

2020 жылдың 30 наурыз 2020 02:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада әртүрлі саладағы мобильді топтар шаруашылық жүргізуші субъектілерге карантин мен төтенше жағдай талаптарын сақтау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокурорлардың, полиция қызметкерлерінің, әкімдік қызметкерлерінің және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі департаментінің мобильді топтары шаруашылық жүргізуші субъектілерге карантин мен төтенше жағдай талаптарын сақтау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатр.

«29 наурыздағы жағдай бойынша, 250-ден астам орта және шағын бизнес субъектілері қамтылды. Оның ішінде тұрғын үй ауласындағы дүкендер, супермаркеттер, көлік жуатын нысандар бар», - делінген баспасөз хабарламасында.

Тексеру барысында нысан иелері мен жалға алушыларға «Төтенше жағдай туралы» заңның талаптары, мемлекеттік санитарлық бас дәрігердің, инспектордың қаулысы, қалалық жедел штабтың короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары туралы шешімі, атап айтқанда: жұмыс кестесі мен режимін белгілеу, сондай-ақ санитарлық және дезинфекциялық шаралардың сақталуы туралы түсіндірілді.

«Санитарлық ұсынымдарды сақтау - өзіңді және айналаңдағы адамдарды коронавирустан қорғаудың кепілі», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай