Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда көшелерін су басты

2020 жылдың 27 маусым 2020 13:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жаңбыр құйып тұр. Соның салдарынан қала көшелерін су басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде қала көшелерінің әр жерінен түсірілген видеолар көптеп таралып жатыр. Көліктің ішінен сондай видеоның бірі Иманов көшесі бойында түсірілген. Видеодан су деңгейі жеңіл көліктің бел ортасына дейін жетіп тұрғанын және бірнеше машинаның жол ортасында тұрып қалғанын байқауға болады. Су басқан көшелердің суреттері де әлеуметтік желіде жетерлік.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, бүгін таңертең және күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауатындығын хабарлаған болатын. Жаңбыр ертеңге де ұласады. Тіпті бүгін бұршақ түсуі де ықтиал. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Бүгін күндізгі ауа температурасы 10-12 градус жылы.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Ауа райы,
Жоғары қарай