Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Елорда көшелерін су басу мәселесі қалай шешіледі

2019 жылдың 3 қараша 2019 06:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» ықшамауданындағы тазарту құрылғыларының құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала активімен өткен жиында жауын-шашындық кәріз жүйелерінің құрылысы бойынша жұмыстың қарқынын күшейтуді тапсырған болатын. Жаңа құрылыстардың қуаты 40 мың текше метрді құрайды. Бұл жауын-шашындық кәріз жүйелерінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді: жерүсті ағынды суларды бөгетсіз жинауды, ағызуды және тазартуды қамтамасыз етеді.




Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған су жинағыш тоғанды құрғату жұмыстары аяқталып, тазарту құрылғыларының жерасты құрылысы басталды. Бұл тазарту құрылғылары Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев және Республика даңғылдарының су басуын болдырмауға мүмкіндік береді. Жүйе жер астында орналасқандықтан, құрылыс алаңының үсті абаттандырылып, тынымбақ орнату қарастырылған. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда елорданың жауын-шашындық кәріздік жүйесі 14 тазарту құрылғыдан, 3 жинақтағыш тоғаннан тұрады.







Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әкімдік,
Жоғары қарай