Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елорда көшелерінің нақты атауларымен Open Data порталында танысуға  болады

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 14:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінің нақты атауларымен Open Data порталында танысуға болады. Бұл жайында елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram-да жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді Open Data порталында (api.smart.astana.kz.) Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінің нақты атауларымен танысуға мүмкіндік бар. Ол үшін «Қалалық қызметтер» - «Көше атауларының қазіргі тізімі» бөліміне өтіп, csv, json және xls форматтарындағы материалдарды жүктеп алыңыз. Сонымен бірге, мамандық бойынша дәрігерлердің саны, олардың танымалдығы немесе танымал еместігінің рейтингі, сондай-ақ медициналық ұйымдар туралы ақпаратты Open Data порталында оқуға болады», - деп атап өтеді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар ол «Қазгидромет» бөлімінде кез келген адам елордадағы ауаның мониторингін онлайн режімінде көре алатындығын атап өтеді.

Жалпы алғанда,Open Data 8 санаттағы 45 мәліметтер жиынтығын ұсынады. Нашар көретіндерге арналған нұсқа мен мобильді нұсқасы да бар. Пайдаланушының ыңғайлылығы үшін деректерді жүйеге API арқылы қосуға болады. Бұл мысалы, кейбір стартаперларға виртуалды туроператор құруға және туристер үшін маршруттар құруға мүмкіндік береді.


Жоғары қарай