Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта өтеді

2021 жылдың 29 маусым 2021 23:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Эпидемиологиялық жағдайдың салдарынан елорда күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта өтетін болды, ал қалған бөлігі өткізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес жабық орындар мен концерт залдарындағы іс-шараларға тыйым салынған. Сондай-ақ ашық ауадағы аттракционның барлық түрінің жұмысына тыйым салынады.

Толымдылығы 20%-дан аспайтын театр жұмысына, сондай-ақ ПТР тесті бар көшпелі концерт өткізуге рұқсат беріледі.

Ashyq жобасы негізінде карантин шараларын қатаң түрде сақтай отырып, ашық ауада өтетін іс-шараларға рұқсат етіледі.

Мысалы, 6 шілде күні «МузАрт» онлайн концерті жоспарланған. Онлайн-трансляция бойынша барлық ақпарат қалалық Мәдениет басқармасының Instagram желісіндегі @ns.madeniet парақшасында жарияланады.

Елорда күнін мерекелеу әлеуметтік жобаларға арналады және тек әлеуметтік сипатта болады. Нақтырақ айтқанда халықтың әлеуметтік осал топтары арасында кезекте тұрғандарға баспана кілтін табыстау, құрылысы ұзаққа созылған 20-ға жуық үйді аяқтау, Өндіріс және Көктал аудандарындағы ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға беру іс-шарасы өтеді.

Сонымен қатар, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылады, 50-ден астам ауланың, 10-ға жуық қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталады.


Жоғары қарай