Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елорда мектептерін оқулықпен қамтуға 3,2 млрд теңге бөлінеді

2019 жылдың 24 шілде 2019 17:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында астаналық мектептерді оқулықпен қамтуға 3,2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа оқу жылында оқулықпен қамту үшін 3,2 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Қазірдің өзінде жеткен оқулықтарда қабылдап, мектептерге үлестіріп жатырмыз. Оқулықтың басым бөлігі Алматыдағы баспалардан шығарылған. 20 тамызға дейін оқулық мәселесін біржақты ету жоспарланған. Әзірге кесте бойынша келеміз, кедергі жоқ», - деген басқарма басшысы қала мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларын жеке шакфпен қамту мәселесіне тоқталды.

«Қазіргі таңда мектептердің 60 пайызы шкафпен қамтылды. Кейбір мектептер бос орын болмауы себепті шкаф қоя алмай отыр. Тым болмағанда 1-2 сынып оқушыларын шкафпен қамтуды міндеттеп отырмыз. Бұл мәселені жанама ғимараттар арқылы шешіп жатқандар бар», - деді ол.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Жоғары қарай