Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электрондық тіркеу жобасы қосылды

2021 жылдың 20 сәуір 2021 13:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік нысанының бұзылғанын растайтын құжат беруге жауапты болып бекітілді. Бұл туралы жылжымайтын мүлікке құқықтар бойынша заңнамалық жаңалықтарды түсіндіру барысында ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге тоқталсақ, соңғы төрт жылда осы саладағы әкімшілік өндірістердің айтарлықтай төмендегені байқалады. Бұл меншік иелерінің мүліктерін уақтылы тіркегенін және құқықтарын толыққанды іске асырғанын растайды. Осыған орай, алты айлық мерзімді өткізіп алған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік алып тасталды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжат беруге жауапты болып заңды түрде айқындалды.

«Бұрын меншік иесі жер учаскесі бар тұрғын үй сатып алып, өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келіп, ескі үйді бұзып, жаңасын салған. Алайда, объектіні бұзу туралы құжаттың болмауы салынған үйге құжатты заңдастыруды қиындатты. Бұл олқылықты жою жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы мәліметтерді уақтылы жаңартуға және тиімді салық салуға ықпал етеді», - деді Азамат Әмірғалиев.

«Сонымен қатар, бүгінгі күні нотариаттық емес мәмілелер бойынша құқықтарды электрондық тіркеу сәтті енгізілді. Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жылжымайтын мүлікке кепілді электрондық тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Жергілікті атқарушы органдар беретін жекешелендіру шарттары негізінде құқықтарды электрондық тіркеу пысықталуда. Өз кезегінде, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізу жылжымайтын мүлікпен жасалатын барлық мәмілелерді тіркеуді электрондық форматқа көшіруге мүмкіндік береді. Бұл халықтың уақыт және қаржы шығындарын едәуір қысқартады», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылдың 1 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде эксаумақтылық тәртіп енгізілетінін айтты.



Жоғары қарай