Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елорда полицейлері екі күн ішінде 6 млн теңгенің дәрі-дәрмегін тәркіледі

2020 жылдың 7 шілде 2020 18:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда полицейлері екі күн ішінде 6 млн теңгені дәрі-дәрмегін тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Тәртіп сақшылары жалпы 4,7 мың таблетка, 2 мыңнан астам флакон мен 400 капсула, 80 термометр, 26 мыңнан астам маска мен 3,5 мың медициналық киім түрлерін (халат, қолғап, бас киім, көзілдірік және т.б.) тәркіледі. Жүргізілген есеп бойынша, тәркіленген заттардың жалпы сомасы 6 млн теңгеден асады», делінген хабарламада.

6 шілде күні жедел-профилактикалық шара барысында Р.Қошқарбаев көшесінде «Тойота Камри» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі ұсталды. Оның жүк салғышынан «Цефтриаксон», «Цефазолин», «Суламед», «Азитромицин», «Ингаверин», «Эуфиллин», «Ледокаин» және т.б. медициналық препараттардың ірі партиясы табылды.

«Айыптталушы азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі рет сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері сауда орталығы тұрағында қажетті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектерді сатпақшы болған 30 жасар әйелді ұстады. Бұдан басқа, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында бақылау кезінде «Ледокаин», «Эргоферон», «Парацетамол», «Цефазолин», «Калетра» және т.б. тапшы дәрілік препараттарды сатқаны үшін 40 жастағы әйел ұсталды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар қалалық дәріханаларға тексеру жүргізіліп, бірқатар дәрі-дәрмектердің бағасы көтерілгені анықталды.

Нұр-Сұлтан полициясы азаматтардан дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталған жағдайда, жақын жердегі бөлімшеге немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.



Басты сөздер: ҚР ІІМ, Медицина, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай