Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елорда тарихы: Елбасы құрылыс алаңдарына жиі келіп тұратын – сәулетші

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыдан 24 жыл бұрын 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Айтулы дата аясында бүгін Нұр-Сұлтан қаласында елорданың негізін қалаушылар бас қосты. ҚазАқпарат тілшісі жиын қонақтарының бірі, елорданың бірінші бас жоспарының авторы, ҚР Сәулетшілер одағының төрағасы, елімізге еңбегі сіңген сәулетші Серік Рустамбековті әңгімеге тартқа еді.

«Мен 1996-1998 жылдары қаланың бас жобасымен айналыстым. Бұрынғы Ақмола қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында менің басшылық етуіммен біраз жобалар іске асырылды. Соның бірі Есіл өзені жағалауындағы құрылыстар. Өзен қаланы кесіп өтеді және оның ұзындығы 37 шақрымды құрайды. Осы 37 шақырым алып өзен бойында қай жерде, қандай ғимарат тұрғызылуы тиіс, қай жерде көпір салынуы тиіс – соның бәрін біз жобаладық.

Әрине, қаланы жобалау, салу оңайға соққан жоқ. Себебі мемлекет енді аяғынан тұрып жатыр, қаражат жетіспейді. Жаңа қала салу түгілі, халықтың күн көруінің өзі қиынға соқты. Сондай қиындықтарға қарамастан, жаңа қаланың негізі қаланды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сол жылдары елордада жаңадан салынған әр ғимараттың ашылуына өзі қатысатын. Әр ғимараттың ашылуы үлкен қуаныш болатын. Әлі есімде қазіргі Орталық саябақта балаларға арналған аквопарк ашылды, соған дейін Президенттің өзі қатысы», - деді

Сондай-ақ сәулетші елордадағы «Самал» шағынауданы жобасының авторы екен.

«Аудандағы әрбір құрылыстың салыну барысын Елбасы өзі жіті қадағалап, құрылыс алаңына жиі келіп тұратын. Бүгінде елордамыз басқаша, астанамыз туралы әлем біледі. Осы жылдар аралығында қала барлық жағынан айтарлықтай дамыды.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласына қарап, басқа қалалар да бой түзейді. Жаңа астананы салу басталғанда Президент сол кездегі сәт үшін ерекше шешім қабылдады. Елорданы салушы құрылыс компанияларын 5 жылға дейін салықтан босату туралы шешім қабылдап, үкім шығарды. Соның негізінде елордада ресми тіркелген құрылыс компаниялары 5 жыл бойы салықтан босатылды. Осындағы бар компаниялардан бөлек, өңірлерден құрылыс компаниялары астанаға келіп, тіркеліп, елорданың салынуына өз үлестерін қосты. Сол кез үшін 5 жыл бойы салық төлемеу, компаниялар үшін үлкен жеңілдік болды. Нәтижесінде бір жағынан елордамыз салынды, екінші жағынан отандық құрылыс компаниялары саны көбейіп, дамыды», - деп еске алды сәулетші.


Жоғары қарай