Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Елорда туралы ең үздік әннің авторы - «Азия» тобы

2019 жылдың 5 шілде 2019 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астаналық амфитеатрдың сахнасында қала әкімінің кубогы үшін караокеден чемпионат өтті. Іс-шара барысында елорда туралы үздік ән байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласына арналған үздік ән байқауының жеңімпазы - «Азия» тобы. Байқау елордалық әкімдіктің бастамасымен Жастар жылы аясында өтті.

Келіп түскен 36 өтінімнің 31-і қатысты. Жеңімпаз сертификатын және 3 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты «Азия» тобына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов табыс етті.

«Жоба қала күнін мерекелеу аясында жүзеге асырылып жатқаны кездейсоқ емес, өйткені бүгінде елорда тек елдің инновациялық, экономикалық, әлеуметтік дамуының ғана емес, Еуразияның мәдени орталығы саналады. Бүгінгі осындай тамаша мереке күні біз «Елорда туралы үздік ән» атты ауқымды байқаудың жеңімпаздарын марапаттаймыз», - деген Ерлан Каналимов қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Жоғары қарай