Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғындары коронавирусты қандай орындарда жұқтырады

2021 жылдың 30 шілде 2021 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындар коронавирус жұқтыратын негізгі орындарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта коронавирус жұқтыратын негізгі орындар – базар, сауда үйлері, қоғамдық көлік, мейрамхана, кафелер, жұмыс орындары және саябақтар мен адам көп жиналатын демалыс орындары болып отыр. Талдау жұмыстары көрсеткендей, базарларда вирус жұқтыру 8%-дан 12%-ға, сауда нысандарында – 18%-дан 23%-ға, кеңселерде – 12%-дан 17%-ға, саябақтар мен демалыс аймақтарында – 14%-дан 18%-ға артқан. Сондай-ақ науқастардың 0,8%-ы бұқаралық іс-шараларға (үйлену тойы, жерлеу рәсімі және т. б.) қатысқан», - деп жазылған департамент жауабында.

Департамент көптеген тұрғындардың қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтамайтынын атап өтті.

«Ескерту мен жазалау шараларына қарамастан, кейбір елордалық мекемелер санитарлық нормалар мен карантин талаптарын ескермей отыр. Кейбір кәсіпкерлік нысандары есіктерін жауып алып, жасырын жұмыс істеп жатыр», - дейді департамент.

Айта кетейік, коронавирус жағдайын орташа тәуліктік тіркеу маусым айында 340 болса, шілде айында 1 500-ге дейін өсті. Соңғы 16 күнде тәулігіне 1 500-ден астам жағдай тіркелуде.



Жоғары қарай