Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғындары «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады

2021 жылдың 13 мамыр 2021 14:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жылына 1 ағаш ауаны 27 келі лас заттан тазартады. «Бірге таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында елорда тұрғындары тазалық пен денсаулыққа қамқорлық жасай отырып, «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады.

Жылына 1 гектар жапырақты ағаш 100 тоннаға дейін шаң жинайды. Осыны көздеген елорда тұрғындары «ағаш отырғыз» челленджін қолға алды, оларға қалалық қызмет көрсету ұйымдары - ПИК және МИБ-лер белсенді қолдау көрсетті.

Қала түрғындары көшет сатып алып, ауласына, үйінің жанына отырғызады.




Еске сала кетейік, елорданың барлық ауданында «Бірге таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Әкімдік өз тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандырады. Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары серуендейтін орын құруға, сонымен қатар қаланың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.



Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Экология,
Жоғары қарай