Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғыны ойын алаңында жүрген балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрледі

2021 жылдың 10 мамыр 2021 21:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Онда ер адам ойын алаңында балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында ер адамның балаларды төбелесуге мәжбүрлеген видеосы анықталды. Аталған факті бойынша полицияға 37 жастағы қала тұрғыны жеткізілді. Ол Бабатайұлы кұшесіндегі ойын алаңында өзінің 8 жастағы баласы мен оны ренжіткен 11 жастағы баланы төбелесуге шақырған»,-деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Төбелес салдарынан 11 жастағы бала жарақат алған. Зардап шеккен баланың анасынан кінәлі азаматқа шара қолдану туралы арыз түсті.

Полиция сонымен қатар ер адамның әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады. Іс материалдары процессуалдық шешім шығару үшін мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.

Гұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ересектер тарапынан мұндай қадамдарға жол берілмейтінін ескертеді. Қолданыстағы заңнамаға байланысты балалардың құқықтарының бұзылғаны, олардың денсаулығына зақым келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.



Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай