Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғыны өз көлігін айдап кетіп, полицияға арызданған

2021 жылдың 23 ақпан 2021 12:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полициясы өз көлігін айдап әкетуді ұйымдастырған азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«102» каналына елорда тұрғыны жүгініп, өткен жылы автосалоннан кредитке алған «Toyota RAV 4» маркалы қымбат көлігін белгісіз адамның айдап кеткені жайында хабарлады. Айдап әкету фактісі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда белгісіз адам «Жастар» сарайы маңындағы тұрақтан көлікті айдап әкетіп, қаладан тыс шығып кеткен байқалады. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 53 жастағы зардап шегушінің сақтандыру төлемақысын алу және кредит төлеуден жалтару мақсатында машинасын айдап әкетуді ұйымдастырған. Қылмстық жоспарын алдын ала ойластырған ол бір танысына көлікті айдап әкеткені үшін ақшалай сыйақы беруге уәде еткен», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Көлікті айдап әкеткен адам оны Алматы облысы аумағында белгісіз адамға сатып жіберген. Қазіргі уақытта көлікті айдап әкеткен адам ұсталып, жасаған әрекетін мойындап отыр. Ал көлігін қасақана ұрлатқан азаматтың үстінен жалған шағым жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Осыған орай Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қасақана жалған шағым жасау 7 жылға дейін бас бостандығына айыру жазасына тартылуға әкеп соғатындығын ескертеді.


Жоғары қарай