Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғыны телефон ұрлап, оны қардың астына тығып тастаған

2020 жылдың 28 қараша 2020 17:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері жедел ідестіру шараларын жүргізу барысында телефон ұрлығына күдікті 34 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Қазақпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу кезінде полицейлер ұсталған азаматтың оған дейін медициналық көмек алу үшін ауруханаға барғанын анықтады. Дәрігерді күтіп отырып, ол ауруханада жатқан басқа науқастың өтініші бойынша арбы сырғытқыны медбикелер бөлмесіне алып барған.

Медбикелер бөлмесінде ер адам «Samsung» маркалы ұялы телефонның қараусыз қалғанын көріп, осы жағдайды пайдаланып, оны кабинеттен алып шыққан.

Ұрлықпен ұсталудан қорыққан күдікті далаға шығып, телефонды қардың астына тығып тастаған. Содан кейін ол дәрігер қабылдауына қайта оралған.

Ем қабылдап болғаннан кейін ол үйілген қар астынан жасырған олжасын алып шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Ол ұрлықтың «ізін жасырған», бірақ ер адам аурухана аумағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталғанын және оның әрекеттері камераға түсіп қалғанын байқамаған.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Ер адам бұған дейін жеке мүлікті ұрлағаны үшін сотталған екен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуға және бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.


Жоғары қарай