Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Елорда жастары қар күреп жүрген жұмысшыларға ыстық шәй таратты

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 18:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері елорда көшелерінде қар күреп жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жастар шағын автобуспен қала ішін аралап, жұмысшыларға сэндвич пен шәй ұсынды және жолды қар мен мұздан тазартуға көмектесті.




«Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деген сөз бар, сонымен бірге басқалардың еңбегін бағалауды да үйрену керек. «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері бұл акцияны жыл сайын өткізеді. Оның басты мақсаты – коммуналдық қызметкерлерге осындай аязды күндері атқарған жұмыстары үшін алғыс айту. Күнделікті өмірде бұл адамдардың еңбегін ешкім байқамайды. Олар қаламыздың тазалығы үшін таңғы сағат 4-те оянып, таңғы 6-да қатарда тұрады. Сол адамдардың тәулік бойы жұмыс істеуінің арқасында тазартылған көшелермен жүреміз. Бүгінгі акция арқылы қала тұрғындарын бір-біріне жылу мен күлкі сыйлауға шақырғымыз келеді», - деді «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек.

Еске сала кетсек, акция 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында тура осы уақытта басталып, еліміздің барлық аймақтарында жалғасын тапқан еді.








Жоғары қарай