Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 100-ден астам көшеде құрылыс жұмыстары жүреді

2021 жылдың 2 мамыр 2021 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қаладағы жолдарды жөндеу жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 100-ден астам көшені салып, жөндейміз. Өткен жылдағыдай, қаланың ескі бөлігі мен елді мекендерге баса назар аударамыз. Бүгін бірқатар көшелердегі жол жұмыстарының барысымен таныстым. Мысалы, Ю.Малахов көшесінде (Р.Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейін), Космонавтов көшесінде (Қабанбай батыр даңғылынан Арай көшесіне дейін), М.Төлебаев көшесінде (Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейін), М.Горький көшесінде (Ж.Жабаев көшесінен Т.Мұсабаев көшесіне дейін) және т. б. ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге тағы 37 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Цирк ғимаратының айналасында жолдың орташа жөндеуі аяқталды. Ол бойынша бірнеше рет өтініштер келіп түсті», - деп жазды қала әкімі.

Оның айтуынша, өткен жылы 170-тен астам көшені, соның ішінде қаланың елді мекендеріндегі көшелер жөнделді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында 4 мыңнан астам жұмысқа тартылды.


Жоғары қарай