Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 12 жасар бала суға кетті

2021 жылдың 2 тамыз 2021 21:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық полицейлер Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесіп, жабдықталмаған орындарда адамдардың суға түсу, ішімдік ішу фактілерін анықтау мақсатында рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, балықшылар мен демалушылар арасында алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері атап өткендей, Есілдің жағасында жасөспірімдер ересектерсіз жиі шомылады.

«Биылғы жылдың 30 шілдесінде сағат 18:55-те полицияға Б.Момышұлы даңғылындағы Арқар көпірінің астындағы өзеннен 12 жастағы баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 16:00 шамасында екі бала үйден серуендеуге кетіп, кейін суға түсуді шешкен. 12 жасар бала суға секіріп, бірден бата бастаған. Кәмелетке толмаған екінші бала оны құтқару үшін суға секірген. Бірақ әрекетінен ештеңе шықпаған», - деді ПД-дан.

Астанада жыл басынан бері белгіленбеген орындарда суға түсудің 325 фактісі анықталған.


Жоғары қарай