Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 14 жастағы жасөспірім жоғалды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 17:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 14 жастағы Абылай Бақытбек жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барынша таратыңыздаршы. Сіздің таратқан ақпаратыңыз адамды тауып, біреудің өмірін құтқарып қалуға септігін тигізуі мүмкін. Егер қандай да бір мәліметтеріңіз болса, онда көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды өтінеміз. Сонымен қатар сіз іздеу іс-шараларына, ақпаратты таратуға қатыса аласыздар», - деп өтінеді жасөспірімді іздеуге кіріскен волонтерлер.

Абылай бүгін таңертең жоғалып кетті. Бойы - 150-165 см. Үстіне қара көк күртеше, қара түсті толстовка, бұтына қара түсті трико, аяғына қара көк бәтеңке киген.

Жоғалған жасөпірімге қатысты кез келген ақпаратты білетін қала тұрғындары 8 702 759 9447 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.

Айта кетерлігі, осы жайтқа байланысты полиция әзірше ешқандай мәлімет таратқан жоқ.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай