Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 156 мың АҚШ доллары жүлде қорымен теннис турнирі өтеді

2021 жылдың 27 ақпан 2021 19:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең елордада ATP Challenger Tour «FORTE CHALLENGER 125» сериясында теннистен халықаралық турнир басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы 28 ақпаннан 7 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ATP Challenger Tour «FORTE CHALLENGER 125» сериясында теннистен халықаралық турнир өтеді. Жалпы жүлде қоры – 156 240 АҚШ доллары», - деп жазды Қазақстан теннис федерациясы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жарыс өткізу кезінде турнир қатаң протокол аясында көрерменсіз өтеді. Барлық турнирді www.ktf.kz сайтында тікелей эфирден көруге болады.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай