Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 18 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 17 мамыр 2021 22:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 18 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай мен жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық қаралады. Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан көрсетіледі.

10.00-де Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті «Бұқаралық және балалар спортын дамыту – салауатты ұлтты қалыптастырудың негізі» атты кеңейтілген отырыс өткізеді. Отырыс www.parlam.kz сайты мен YouTube желісіндегі ресми парақшада көрсетіледі.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ЕАЭО және Қазақстан: интеграцияның ағымдағы процестері» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова, Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Динара Щеглова және Ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Манатаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Суға шомылу кезеңі» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басшысының орынбасары Есен Байыров. Онлайн брифинг Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тегі ресми парақшасында https://www.facebook.com/nursultanakimat/ тікелей эфирде өтеді.

15.00-де «Халық медиа тобы» алаңында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын құруға арналған кеңес өтеді. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне мүше депутаттар, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы бойынша қазақстандық және ресейлік Ұлттық комитеттердің басшылары, сондай-ақ ғылыми сарапшылар, Қазақстандағы БҰҰ ДБ және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. Мәжіліс Zoom-конференция режимінде ұйымдастырылады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай