Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 19 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 18 мамыр 2021 21:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 19 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.30-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, Түркі кеңесі ақсақалдар кеңесінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметовтің бірнеше жаңа кітаптарының тұсаукесері өтеді.

11.00-де «Ecoqolday» алғашқы экологиялық театрының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Нұр-сұлтан қаласы білім басқармасының өкілдері, ӨКМ Операторы, елорданың білім беру мекемелері, эко-белсенділер, оқушылар және олардың ата-аналары қатысады.

14.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Жоғары қарай