Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада 2,7 мыңнан астам көпқабатты үй дезинфекцияланды

2020 жылдың 4 сәуір 2020 18:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ортақ тұтынатын орындарды күнделікті тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда 2700-ден астам көпқабатты үйге дезинфекция жасалған. Сондай-ақ 2200-ден астам лифт кабиналары мен 9 мыңға жуық кіреберіс дезинфекцияланған. Дезинфекция процесіне күн сайын жалпы саны 500-ге жуық адам және ондаған арнайы техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, дезинфекциялық жұмыстар қаланың барлық базарларында, медициналық мекемелерде, сауда орталықтарында, супермаркеттерде жүргізілуде.

Сондай-ақ, блокпосттарда, балалар алаңы мен үй кіреберістерінде, үлкен көшелердің екі жағында тазалау жұмысы жасалады.


Жоғары қарай