Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 408.61
EUR 454.09
RUB 5.86
CNY 57.28

Елордада 20 бөлмелі жатақхана өртенді

2020 жылдың 17 ақпан 2020 00:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордада екі қабатты жатақхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпатар ТЖК сілтеме жасап.

«16 ақпанда сағат 21:37-де Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру қызметіне Күлтегін көшесіндегі екі қабатты жатақхананың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге ТЖД 26 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатқан. Жалын сағат 22:44-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған жатақханада 20 бөлме болған», - делінген Комитет хабарламасында.


Жоғары қарай