Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Елордада 20 елдің маманы Ислам қаржы нарығын дамытуды талқылауда

2019 жылдың 24 шілде 2019 16:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тұңғыш рет ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің (Islamic Financial Services Board - IFSB) отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір апта бойы өтетін Кеңес жиыны бірнеше бөліктен тұрады, оның ішінде IFSB Техникалық комитетінің отырысында IFSB-ге мүше елдердің орталық банктері мен реттеушілерінің өкілдері қатысады. Сонымен қатар, ислам қаржы капиталы саласында инвесторлардың құқығын қорғау, исламдық депозиттер кепілдігінің тиімді жүйесін құру бойынша жұмыс топтарының кездесулері өтуде.




«Ислам қаржыландыруы АХҚО-ның негізгі бағыттарының бірі. АХҚО-да халықаралық талаптарға, соның арасында IFSB талаптарына сай қажетті құқықтық нормативтік база құрылған. Мұндай іс-шаралар Ислам қаржыландыруы бойынша ақпаратты кеңейтеді әрі ислам қаржы нарығы өкілдері мен реттеушілері арасындағы диалогты орнататын алаң ретінде тиімді», - деді «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Айта кетейік, кеңес отырысына БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Бруней, Малайзия, Катар және тағы да басқа 20 елден өкілдер қатысты.

IFSB -ислам қаржыландыруы институттарының тиімді қадағалануы мен реттеуі бойынша талаптарды дайындайтын халықаралық орган.




АХҚО 2017 жылдан бері IFSB-ның тұрақты өкілі. Бұл ұйымның өкілі болу ислам қаржыландыруы институттарының бірегей талаптарын дайындау кезінде тиімді ықпалдастық танытуға көмектеседі.

АХҚО-ның нормативті-құқықтық базасы халықаралық және IFSB талаптарына сай жасалынған. АХҚО өкілдері ислам қаржыландыру заңдылығын дамыту бойынша талаптарды дайындайтын Техникалық Комитет мен жұмыс топтарының құрамына да енген. Осындай іс-шаралар АХҚО-ның Ислам қаржыландыруы және бизнес Хабі ретіндегі позициясын нығайтады.





Жоғары қарай