Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 211 мың тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылмай, медкөмектен тыс қалып отыр

2021 жылдың 18 шілде 2021 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың маусым айында МӘМС қорына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3,5 млрд теңгеден аса жарна түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-маусым айларында медициналық сақтандыру үшін 19,7 млрд теңге жарна аударған, ал маусым айында МӘМС үшін 3,5 млрд теңгеден аса жарна түсті», – деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 30 маусымы аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы - 77,8 млрд теңге.

2021 жылдың маусым айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,5 млрд теңгеден аса жарна аударған.

Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары - 1,7 млрд теңгеге жуық, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна - 1,8 млрд теңгеден асады.

«Осы жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 7196 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес Ұлттық банкте сақталады да, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының 82,5%, яғни 991 653 елордалық сақтандырылған, ал 17,5% – 211 мыңнан аса қала тұрғыны МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда кері байланыс арналары:

- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

- @saqtandyrybot телеграмботы

- 1406 байланыс орталығы

- қордың fms.kz сайты.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.


Жоғары қарай