Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 50 орындық дәмхана мен мейрамханалар жұмысын бастайды

2020 жылдың 24 мамыр 2020 14:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 25 мамырдан бастап дәмхана мен мейрамханалар жұмысын бастайды қоғамдық тамақтану мекеемесінде тек 50 орыннан аспауы керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда айтылғандай, шамамен 50 адам отыратын орыны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етіледі.

«Залға 50 орындық қою керек және отыратын орындар арасы 2 метр қашықтықта болуы тиіс. Ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады», - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, 18 мамырда елордада сыйымдылығы 30 адамға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істей бастаған. Ол кездегі шарт бойынша, ғимараттың ішкі және жазғы алаңдарын қосқанда, жалпы клиент саны 30-дан аспауы тиіс болатын.



Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Карантин, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай