Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 9 күн ішінде 132 мыңнан астам адам санақтан өтті

2021 жылдың 11 қыркүйек 2021 21:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халыққа ыңғайлы болу үшін елордада 17 жерде санақ бұрыштары ұйымдастырылған, онда мамандар азаматтарға сауалнамадан онлайн өтуге көмектеседі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай орындар Статистика департаменттерінде, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «Қазпошта» филиалдарында және Хан Шатыр, KeruenCity, Сарыарқа, Asia Park, Евразия, Keruen сияқты ірі сауда ойын-сауық орталықтарында ашылған. Сондай-ақ, қазір «MEGA Silk Way» орталығында да осындай учаскені орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Мұнда респонденттерге аймақтық департаменттердің кеңесшілері көмектеседі. Қазір ел бойынша санақтың 3 155 бұрышы жұмыс істейді. Қосымша тағы ашу жоспарлануда.

Бүгін Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов елордадағы санақ бұрыштарының жұмысымен танысты.

«Бүкіл Қазақстан бойынша біз онлайн санақ жүргізу үшін өз бетімен өтуге мүмкіндігі жоқ адамдар үшін 3 мыңнан астам бұрыш аштық. Кеңесшілер санақтан өтуге көмектеседі. Сайттың қатып қалған сәттері болды, бірақ бұл провайдерлермен болған проблемалар, өйткені көптеген адамдар санақтан мобильді арналар арқылы өтеді. Біздің жүйелерімізді жүктеу шамамен 60% құрайды, яғни бізде ешқандай қиындық жоқ. Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді. ҰҚК-нің мемлекеттік техникалық қызметі ақпараттық қауіпсіздікке жауап береді. Олар күн сайын бақылап отырады. Ddos шабуылдары болған жоқ, өйткені техникалық қызмет мұндай қауіп-қатерді жояды», - деді Нұрболат Айдапкелов.

Бюро басшысы сондай-ақ, Play Market-те халық санағы бойынша жалған қосымшаның пайда болуына түсініктеме берді.

«Кеше біз жалған қосымша пайда болды деп айттық. Біз Қазақстаннан оны бұғаттай алмаймыз, өйткені ол сыртқы серверлерде ілініп тұрады. Біз өз тарапымыздан, оны тапқанымыздай, қолдан келгеннің бәрін жасадық: сол мәселені шешумен айналыстық, хат жаздық, мемлекеттік техникалық қызмет осымен айналысуда. Азаматтарды санақтан тек ресми арналар арқылы өтуге шақырамыз. Ол үшін sanaq.gov.kz сайты, Еgov элекронды үкіметі, Aitu қосымшасы бар», - деді Айдапкелов.

Ұлттық статистика бюросының басшысы алдымен Алматы ауданының ХҚКО-дағы санақ бұрышына барды. Мұнда кеңесшілер тұрғындарға онлайн режимде санақтан өтуге көмектеседі.

Дәл осындай бұрыштар «Қазпошта» филиалдарының бірінде жұмыс істейді. Бүгіннен бастап тұрғындар осындай бұрышқа және ірі сауда орталықтарының бірі — «KeruenCity»-ге баруға мүмкіндігі бар. Бір күнде мұнда 40-қа жуық адам санақтан өтті. «KeruenCity» сауда ойын-сауық орталығының кеңесшілері азаматтарға 9:00-ден 18:00-ге дейін санақ жүргізуге көмектеседі. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 17 орын ашылды.

10 қыркүйек сағат 13:00-дегі жағдай бойынша елімізде онлайн санақтан 1 421 092 респондент өтті. Sanaq.gov.kz сайтының өзінде сұрақтан 1 216 369 адам өтсе, еgov порталында авторизациядан 147 702 азамат өтті, тағы 57 021 респондент санақ сұрақтарына Aitu қосымшасын пайдалана отырып жауап берді. 9 күннің қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтанда 132 153 адам санақтан өтті.


Басты сөздер: Халық санағы, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай