Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада «Абай жолы» әдеби-музыкалық клубы құрылды

2021 жылдың 12 қараша 2021 16:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық Абай қорының ұйымдастыруымен елордада «Абай жолы» әдеби-музыкалық клубы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында клубтың алғашқы дөңгелек үстел отырысы өтті. Абай мұрасын ұлықтаған рухани шараға, жоғары оқу орындарының студенттері мен ақын-жазушылар қатысты. Жиында Абай өлеңдерін жатқа оқылды.

«Басты мақсатымыз Абайдың мұрасын жастардың санасына сіңіріп, одан әрі өркендету. Әр қазақстандық Абайдың шығармаларын біліп, оқып өсуі тиіс. Алдағы уақытта «Абай жолы» әдеби-музыкалық клубының кездесуі әр бейсенбі сайын өтіп отыратын болады. Сонымен бірге шетелдегі «Абай» орталықтары мен бірлесіп, Абай атамыздың кемел тұлғасын насихаттауды және қандастар арасында осындай шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», дейді «Абай жолы» клубының жекешісі әрі тұрақты модераторы Бекзат Смағұл.





Жоғары қарай