Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада әккі алаяқ 6 дүкеннің сатушысын алдап кетті

2020 жылдың 1 шілде 2020 17:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қол жылдамдығымен ұрлық жасауды әдетке айналдырған алаяқ дүкен сатушыларының ақшасын қолды етіп келген. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім етілгендей, алаяқ бір сценариймен әрекет еткен: дүкенде тауарды сатып ала отырып, сатушыдан 20 мың теңгелік ақшаны ұсақтап беруді өтінеді. Сатушының қолынан ақшаны алып, санап тұрған уақытта байқатпай бірнеше купюраны көз ілестірмес жылдамдықпен жымқырып отырған. Ақшаның ұсақталғанына көңілі толмаған кейіп танытып, өз 20 мың теңгесін қайтаруды талап еткен. Ештеңені ойлап үлгермеген сатушылар ақшасын қайта береді.

«Осындай жолмен ол алты дүкеннің сатушысын алдаған. Полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған адамды ұстады», - деп хабарлайды министрліктен.

Ұсталған азамат 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол істеген ісін бірден мойындаған. Қазіргі уақытта осы оқиғалар бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай