Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада алғашқы Dream Cup балалар турнирі өтті

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 20:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы кіші жастағы балаларға арналған тұңғыш жарысты Қазақстан футбол федерациясы және Нұр-Сұлтан қалалық «Dream Team» футбол академиясы бірлесіп өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бәсеке Қазақстанның кәсіби клубтары футбол орталықтарының, сонымен қатар отандық БЖСМ (балалар-жасөспірімдер спорт мектептері) мен жеке резервтік мектептердің 24 командасы арасында болды. Ойын Футбол үйінің турнирлік аренасында өтті.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, болашақта Dream Cup халықаралық мәртебеге ие болуы ықтимал.

Dream Cup жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Жас категориясы 2010 ж.т. дейін:

1. «Тобыл»-2 (Қостанай)

2. «Алтай» (Семей)

3. «Оқжетпес» (Көкшетау)

Жас категориясы 2009 ж.т. дейін:

1. «Ertis» (Павлодар)

2. «Металлург» (Ақсу)

3. ОРМБЖСМ № 8 (Нұр-Сұлтан)

Жас категориясы 2009 ж.т. дейін:

1. «Астана»-1 (Нұр-Сұлтан)

2. «Ertis» (Павлодар)

3. «Астана»-2 (Нұр-Сұлтан)

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай