Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада алимент төлемеген тұрғын көлігінен айырылды

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 12:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың сот орындаушылары алимент бойынша борышкердің автокөлігін тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік жеке сот орындаушыларының палатасы бір айдан бері алимент төлемей жүргендерді іздестіру бойынша рейд жүргізуде.

Осы орайда заң талаптарын орындамай жүрген бір борышкер анықталды. Ол өзінің баласына 2016 жылдан бері алимент төлемей келген. Сәйкесінше, қарызы 3 014 961 теңгеге жетті.

«Тиісті қаулы енгізіліп, жеке сот орындаушы борышкерді іздеп тапты. Елордалық жол полицейлерімен бірлесіп, автокөліктің техникалық паспорты мен кілті тәркіленді. 2014 жылы шығарылған Toyota Camry 55 маркалы автомобиль айып тұрағына қойылды. Енді мамандар көлік құралын бағалап, оны аукционға шығарады. Осы арқылы борышкер өзінің баласы алдындағы берешегін өтей алады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік жеке сот орындаушыларының палатасы жетекшісінің орынбасары Мәдина Жанасаева.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Сот, Көлік,
Жоғары қарай