Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елордада «Алтын тұғыр – 2020» үш томдық әдеби жинағы жарық көрді

2020 жылдың 9 маусым 2020 14:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Алтын тұғыр – 2020» үш томдық әдеби жинағының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдан бастап әдеби байқауға орыстілді қаламгерлер де тұрақты қатысып келеді. Биылғы байқауға Әзербайжан қаламгерлері де ауыл тақырыбындағы шығармаларын жолдап, үздік шыққан туындылар «Ауыл» партиясының арнайы жүлдесімен марапатталды.

Тағы бір айта кетерлігі, жыл сайын әдеби байқауға келіп түскен шығармалардың арасынан үздік туындылар іріктеліп, «Алтын тұғыр» үш томдық жинағы жарыққа шығып тұрады. Поэзия, проза, драматургия жанрлары бойынша ауыл тақырыбындағы ең үздік туындылар топтастырылған жинақ республикалық және аймақтық кітапханаларға тегін таратылады.

Биылғы жинақты қоса есептегенде ауыл тақырыбына арналған үздік туындылардың көлемі 12 томды құрап отыр.

Айта кету керек, төртінші мәрте ұйымдастырылған әдеби-онлайн байқауға қатысушылар өз шығармаларын байқаудың негізгі серіктесі «Мәдениет порталына» жариялап, барлық туынды жыл бойы оқырман назарына ұсынылып келді.


Жоғары қарай