Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

Елордада аса ірі көлемде есірткі табылды

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 10:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық полицейлер арнайы операция барысында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«36 жастағы ер адам Тараз көшесінде көлігінің жанында ұсталды. Оның көлігін тінту кезінде жедел уәкілдер орындық астынан ұнтақ тәрізді зат салынған полиэтилен пакет тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, салмағы 200 грамнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленді. Күдіктінің бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Елордалық Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері есірткіге қатысты 400-ден астам қылмысы тіркелген. Оның ішінде 62 іс саудамен байланысты. Заңсыз айналымнан 100 келі есірткі алынды.


Жоғары қарай