Елордада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 қаңтар күні еліміз қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктер мәліметіне сәйкес, сейсенбіде ауа сапасының нашарлауы Нұр-Сұлтан қаласында күтіледі.
Қазақстанның өзге шаһарларында метеоахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.