Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада әуежайдан вокзалға арнайы автобустар қатынайды

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 21:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында әуежайдан вокзалға жолаушыларды апаратын арнайы автобус рейсі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CTS ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы халықаралық әуежайы жұмысының уақытша тоқтатылуына байланысты, жолаушылар Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келіп, теміржол арқылы Алматыға жетіп жатыр. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС жолаушыларды коменданттық сағат кезінде әуежайдан вокзалға жеткізу мақсатында арнайы автобус рейстерін іске қосты. Арнайы рейстер кешкі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 30-60 минут аралықпен жүріп тұрады», - делінген хабарламада.

CTS компаниясының мәліметінше, автобус құны тарифке сәйкес 90 теңгені құрайды.

Және аталған шара Алматы қаласы әуежайы жұмысын қайта бастағанға дейін, уақытша қолға алынып отыр.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай